«Дала өрнектері» би байқауы

2019 жылдың 26 қаңтар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында қалалық «Дала өрнектері» би байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Мектеп оқушыларының арасында би өнерінің танымды болуын насихаттау, оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамыту, қатысушылардың шығармашылық жетістіктерімен алмасуы, орындаушылар мен ұжымдардың творчестволық қарым-қатынастарын орнату, дарынды балаларды анықтау.
Байқау келесі жас аралығында жүргізілді: 7-9 жас – кіші топ; 10-13жас – орта топ; 14-17 жас – ересек топ
Байқауға төрелік етуге би өнерінің майталмандары шақырылды.
Әділқазылар төрайымы: Педагогикалық ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры, ҚР мәдениет қайраткері, доцент Кульбекова Айгуль Кенесовна
ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Айша бибі» этнография- хореографиялық би ансамблінің жетекшісі Байдаулет Сазабеков
Әлем ,Еуропа чемпиондарының жетекшісі, оқушылар сарайы директорының орынбасары,халықаралық дәрежедегі судья, жоғары санатты педагог
Ли Владислав Владимирович
Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, әдістемелік құралдар авторы Усманова Нурия Адбул -Барыевна
№1 БММ директорының міндетін атқарушы, режиссер ,жоғары санатты педагог Қыдырманов Болат Сапабекович

Байқауға 500 ден астан оқушылар қатысты. Атап айтқанда № 2 мектеп-гимназия,№3 мектеп-гимназия, №7 мектеп-гимназия, № 15 мектеп-лицей, № 24 орта мектеп, № 29 орта мектеп, № 30мектеп-гимназия, № 33бб бастауыш мектеп ,№38мектеп-лицейі, № 40орта мектеп, №42орта мектеп, №48 мектеп-лицей, №53мектеп-лицейі, №54мектеп –лицейі, №59мектеп-лицейі, №61орта мектеп, №64мектеп- лицейі, №66мектеп- лицейі, №68 орта мектеп, №69мектеп,№72мектеп-лицейі, №77 мекетеп-гимназия, №78 мектеп-гимназия, №81мектеп-лицейі ұжымдары қатысты.
Жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен марапатталады.

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 203 гостя и нет пользователей