Халықаралық балалар күніне арналған «Кел билейік, шырқайық!» мерекелік концерт-көрме

   2023 жылдың 1  маусым күні  Сарыарқа аудыны әкімшілігінің қолдауымен, Халықаралық Балаларды қорғау күніне  арналған «Кел билейік, шырқайық» атты  мерекелік концерт- көрме  ұйымдастырылды. «Demalys promenade» алаңында  елордамыздың Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілері көрме, асфальтта сурет салу жарысын ұйымдастырып сонымен қатар  №1балалар музыка мектебінің жас музыканттары концерттік бағдарлама ұсынды. Аталаған іс-шарада мектебіміздің «Балауса» фольклорлық ансамблі, «Дольче» скрипкашылар, «Ару» би ансамблі, «Кербез қыздар» жетігеншілер, «Серпер» домбырашылар,   «Көркемай» қобызшылар, «Ақ сұңқар» дәстүрлі әншілер, №40 мектеп филиалының домбырашылар ансамблі, баянистер, эстрада вокал бөлімінің «Ерке», «Дарын» вокалдық топтары, үрлемелі аспаптар, пианистер бөлімдерінен көптеген өнерпаздар  өз өнерлерін паш етіп көрермендерге, балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, қошеметке иеленді, концерт барысында балалармен ойын ұйымдастырылып, түрлі жұмбақтар жасырып жеңімпаз аталған балаларға сыйлықтар табысталды.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 190 гостей и нет пользователей