«Балауса» фольклорлық ансамблінің «Дала әуендері» шығармашылық концерті.

2023 жылдың 27 мамыр күні мектебіміздің концерт залында халықаралық, республикалық байқаулар лауреаттары «Балауса» фольклорлық ансамблі «Дала әуендері» атты шығармашылық концерт өткізді. Ансамбль жетекшісі Құрманғазы атындағы ІІ Республикалық халық аспаптар орындаушылар және Шамғон Қажғалиев атындағы І Республикалық дирижерлар байқауының жүлдегері Айгүл Сағатова.
Аталған ұжым 2004 жылы құрылды, әр 4-5жылда ансамбль құрамы мектеп бітіруіне байланысты жаңарып отырады, оған қарамастан осы ұжым әр қашан жоғары жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ Алматыда өтетін музыка мектептері арасында ең күрделі боп табылатын әр жылдары «Жас музыканттар» Республикалық байқаудың Гран при, І орын, ІІІ орын лауреаты боп атанған. Түркияда өтетін Халықаралық байқауда 1 орынға ие болған. «Я звезда», «Таңғы шұғыла», «Дариға домбыра», «Жас талап», «Дала әуені», «Жұлдыз», «Алаш стар», «Сияние звезд», «Таланты 21 века» сынды көптеген байқауларға қатысып, өз өнерін шыңдап, қазақтың халық музыкасын насихаттау жол үстінде.

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 152 гостя и нет пользователей