2023 жылдың 29 қараша мектебімізде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазанғаптың немере шәкірті, Бақыт Басығараевтың 95-жылдығына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында
ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында «Қазанғап күйлері» атты Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, Мәдениет саласының үздігі, күйші Еділ Басығараевпен лекция-концерт- кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Іс шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер қатысты.Кеш қызықты да мазмұнды өтті. Аталған іс-шараға қатысқан қонағымызға, оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз! Шығармашылықтарыңыз арта берсін!