2025 жылдың 20 қыркүйек күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шара тіл мен ұлттық руханияттың, өнер мен тарихтың өзара байланысын тереңнен таныстырып, көрерменге тың серпін сыйлау мақсатында өтті.
Іс-шарада қазақ тілінің тарихи-мәдени маңызы жайлы мазмұнды лекция оқылды, ұлттық поэзия мен мақал-мәтел жарысы, қазақтың ән-күй өнерінен тамаша концерттік бағдарламалар орындалды. Іс-шарада мектебіміздің өнерпаздары қатысып қошеметке иеленді.








