Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» мерекелік құттықтау

     2025 жылдың 24 қыркүйек халықаралық Қарттар күніне орай   Астана қаласы әкімдігінің «№1балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК ұжымы қонаққа  «Шарапат» әлеуметтік орталығының тұрғындарын шақырып «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік концерт өткізді.

     Іс-шараның басты мақсаты - жастық шағын ел мен ұрпақ болашағына арнаған қазыналы қарттарымызға құрмет көрсету, оларға қуаныш пен рухани демеу сыйлау. Музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін ортаға салып, ардагерлердің көңілін күйін көтеріп қошеметке иеленді.

      Концерт барысында әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалатын шығармалар, вокалдық нөмірлер, дәстүрлі ән-күй ұсынылды. Бағдарламада халық композиторларының туындылары, заманауи музыкалық нөмірлер мен арнау өлең оқылды. Іс-шара аясында қарттармен жылы жүздесу, бірігіп ән айту ұйымдастырылды, концерт соңында мектеп директоры Калиева Жанар Сериковна  құттықтап кішігірім сыйлық тарту етті.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 83 гостя и нет пользователей