2025 жылдың 12 желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік тұғырым » атты лекция-концерт ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, тәуелсіз еліміздің тарихы мен мәдени құндылықтарын дәріптеу.
Лекция-концерт барысында оқушыларға Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері туралы мағыналы ақпарат беріліп, ұлттық рухты көтеретін музыкалық шығармалар орындалды. Көрермендер назарына қазақтың дәстүрлі және заманауи композиторларының туындылары ұсынылды. Іс-шараға музыка мектебінің оқытушылары мен оқушылары белсене қатысып, концерт жоғары деңгейде өтті. «Тәуелсіздік тұғырым» лекция-концерті көрермендерге ерекше әсер қалдырып, елге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.












