«Тәуелсіздік тұғырым»

2025 жылдың 12 желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында  «Тәуелсіздік тұғырым » атты лекция-концерт ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, тәуелсіз еліміздің тарихы мен мәдени құндылықтарын дәріптеу.

Лекция-концерт барысында оқушыларға Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері туралы мағыналы ақпарат беріліп, ұлттық рухты көтеретін музыкалық шығармалар орындалды. Көрермендер назарына қазақтың дәстүрлі және заманауи композиторларының туындылары ұсынылды. Іс-шараға музыка мектебінің оқытушылары мен оқушылары белсене қатысып, концерт жоғары деңгейде өтті. «Тәуелсіздік тұғырым» лекция-концерті көрермендерге ерекше әсер қалдырып, елге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 216 гостей и нет пользователей