«Астана медициналық университеті» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында концерт

      2026 жылғы 21 мамыр күні «Астана медициналық университеті» ұйымдастырған халықаралық «Оториноларингологиядағы жаңа аспектілер – бас және мойын хирургиясы» атты ғылыми-практикалық конференция аясында мектебіміздің оқушылары арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.

    Аталған іс-шараға мектебіміз «Астана медициналық университетімен» жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында серіктес ұйым ретінде қатысты. Екі мекеме арасындағы өзара ынтымақтастық мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоғамдық маңызы бар іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға бағытталған.

     Концерттік бағдарлама барысында мектебіміздің өнер ұжымдары өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Атап айтқанда, «Ару» би ансамблі ұлттық нақыштағы билерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Қыздар-ай» дәстүрлі әншілер ансамблі қазақтың халық әндерін әуелете шырқап, ұлттық өнердің көркемдігін паш етті. Сонымен қатар, «Серпін» домбырашылар ансамблі күмбірлеген күй мен ұлттық музыкалық шығармаларды орындап, конференция қонақтарына ерекше әсер сыйлады.

      Халықаралық конференцияға қатысушылар оқушылардың өнеріне жоғары баға беріп, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлі өнеріне тәнті болды.

Бұл шара жас өнерпаздардың шығармашылық жетістіктерін танытып қана қоймай, ұлттық мәдениетімізді халықаралық деңгейде насихаттауға мүмкіндік берді.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 63 гостя и нет пользователей