«Ақ халатты абзал жандарға тағзым» Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт

2026 жылғы 19 маусым күні Медицина қызметкерлері күні қарсаңында мектебіміздің оқушылары Көпсалалы облыстық №2 медициналық орталығында мерекелік концерт ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – адам өмірі мен денсаулығын сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне құрмет көрсету, олардың қоғамдағы мәртебесін дәріптеу және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды. Концерт барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Атап айтқанда, «Серпін» домбырашылар ансамблі ұлттық күйлерді нақышына келтіре орындап, жиналған қауымның зор қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, «Дарын» тобы әсерлі әндерімен мерекелік кештің сәнін келтірді.

Жас өнерпаз Қанаят Айғаным қазақтың халық әні «Желкілдекті» орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленсе, Алибекова Арай мен Алибекова Нұрай қобыздың сырлы үнімен көпшілікті тәнті етті. Олардың орындауындағы шығармалар ұлттық өнердің құдіретін тағы бір мәрте айшықтай түсті. Мерекелік концерт соңында медицина қызметкерлері оқушыларға алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Бұл тағылымды шара жас ұрпақтың үлкенге құрмет, еңбек адамына ізет көрсету сияқты асыл құндылықтарды дәріптеуіне зор мүмкіндік болды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 66 гостей и нет пользователей