«Әз-Наурыз көрісу – көктемнің алғашқы сәлемі» мерекелік концерт

     2026 жылдың 14 наурыз күні білім ордамызда «Әз-Наурыз көрісу – көктемнің алғашқы сәлемі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

   Мерекелік концертке қаладағы ардагер педагогтер арнайы шақырылды. Құрметті қонақтарды мектеп ұжымы ұлттық дәстүрге сай көрісу рәсімімен қарсы алып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.

    Концерттік бағдарлама мектептің «Серпі» ансамблінің орындауындағы «Сарыарқа» күйімен ашылды. Одан кейін мектеп педагогтері Жарапазан айтып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Мерекелік кеш барысында өнер ұжымдары өздерінің шығармашылық өнерлерін паш етті. Атап айтқанда, «Қыздар-ай» дәстүрлі әншілер ансамблі халық әндерін орындаса, «Ару» би ансамблі «Киіз басу» биін көрермен назарына ұсынды. «Tomiris Fusion» қобызшылар ансамблі халық әні «Илигайды» орындап, ұлттық өнердің әсемдігін көрсетті. Сонымен қатар, эстрадалық вокал бағытындағы «Дарын» және «Илигай» топтары өнер көрсетіп, саксафоншылар ансамблі «Саржайлау» әнін орындады.

   Іс-шараның қорытындысында мектеп директоры Калиева Жанар Серікқызы құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады. Ол ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, салт-дәстүрлерді ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығына тоқталып, мерекелік шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

  «Әз-Наурыз көрісу – көктемнің алғашқы сәлемі» атты мерекелік концерт ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтқан тағылымды шара болды. Директордың ТЖО – Ж. Оралбаева.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 63 гостя и нет пользователей