Музыка және өнер мектептерінің халық аспаптар бөлімінің
4-5 сынып домбырашылары мен дәстүрлі әншілер
оқушылары арасындағы этносольфеджио және қазақ музыка әдебиеті пәндері бойынша аймақтық олимпиада
ЕРЕЖЕСІ
2025 жылдың 13 ақпанындағы «Астана қаласы бойынша олимпиадалар мен конкурстардың (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» № 275 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылуда.
Өтетін орны: Астана қ., №1 Балалар музыка мектебі.
Өтетін күні мен уақыты: 26 ақпан 2026 ж , сағ. 9.00-де басталады. Этносольфеджио (домбыра) 213/1-кабинет, этносольфеджио (дәстүрлі ән) 213/2-кабинет, қазақ музыка әдебиеті 112-кабинет.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, әдістемелік орталық, «№1балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК
Мақсаты: қазақтың дәстүрлі өнеріне деген сүйіспеншілікті дамыту, сақтап қалу және әрі қарай дамыту, жалпы дәстүрлі мәдениетті қалыптастыру.
Міндеті:
- оқушылардың ойлау, есту, есте сақтау және импровизация жасау қабілетін дамыту;
- оқушыларды аңыз күйлері және халық әндерінің мазмұнымен таныстыру. Оқушының шығармашылық ойлау қабілетін ашу;
- музыка теориясы педагогтарының этносольфеджио және қазақ музыка әдебиеті пәндері бойынша кәсіби деңгейде педагогикалық тәжірибе алмасуы.
Олимпиада екі номинация бойынша өткізіледі:
- ЭТНОСОЛЬФЕДЖИО
- ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӘДЕБИЕТІ
Өткізу шарттары: Олимпиадаға халық аспаптар бөлімінің 4-5 сынып домбырашылары және дәстүрлі әншілер оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға қатысу үшін 2026 жылғы 1 ақпанан 16 ақпанға дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды мекен-жайға төмендегі құжаттарды жіберу:
- Үлгі бойынша өтінім;
- Туу туралы куәлік көшірмесі;
- Төлем түбіртегі.
Оқушы бір ғана номинацияға қатыса алады.
ЭТНОСОЛЬФЕДЖИО ТАЛАПТАРЫ: Талаптары Осы сайттың «Республикалық қалалық байқаулар» бөлімінде.