«Алтын ұя мектебіме, ардақты ұстаздарыма мың алғыс!» мектеп бітірушілерге куәлік тапсыру салтанатты кеші.

2023 жылдың 7  маусым күні  Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Мектебіміздің мектеп бітірушілерінің салтанатты түрде куәлік тапсыру кеші өтті. 2022-2023 оқу жылы мектебімізді 193 оқушы аяқтады, әр бөлімге бөлгенде халық аспаптар бөлімін- 110 оқушы, дәстүрлі ән бөлімін-23 оқушы, фортепиано,скрипка,гитара аспаптары бөлімдерінде-28 оқушы, эстрадалық вокал бөлімінде -23 оқушы, үрлемелі аспаптар бөлімін- 4 оқушы, хореография бөлімін- 5оқушы музыкалық білімдерін ұштап оқуларын ойдағыдай аяқтады. Аталған іс-шарада мектеп директоры Кыдырманов Болат Сапабекұлы түлектерге ақ жол тілеп куәліктерін табыстады және «Ару» би ансамблі жетекшісі Г.К.Нурбекова, «Серпер» домбырашылар ансамблі жетекшісі М.А. Сулейменова, мектеп бітіруші оқушылардан құралған «BN» тобы өнерлерін көрсетіп ата-аналардың қошеметіне иеленді. Кеш соңында мектеп бітіруші Серік Мұхаммед ұстаздарға өз тілегін арнап , ал ата-аналар тарапынан қамқоршылық кеңесінің мүшесі Даникер Ақылбайқызы балаларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.  

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 165 гостей и нет пользователей