Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің жас музыканттары арасында «Жас талап» қалалық байқауы
ЕРЕЖЕ
Байқаудың өткізілу мерзімі: 2024 жылдың 13-14 желтоқсан.
Өтетін орны: №1балалар музыка мектебі, Желтоқсан к,36
Байқаудың мақсаты: музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
Байқаудың міндеті: жас музыканттардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, ұлттық өнерге деген жеке қызығушылығын тәрбиелеу; ұлттық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық топтарды дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруын, сахналық мәдениетін қалыптастыру.
Байқау өткізу тәртібі мен шарттары:
Байқау екі бағытта өткізіледі: жеке орындаушылар және ансамбльдер (аспаптық жанр және дәстүрлі ән).
Жеке орындаушылар келесі жас ерекшеліктер бойынша тыңдалады:
- кіші топ 8 жастан -10 жас
- орта топ 11жастан – 13 жас
- жоғары тобы 14 жастан - 16жас.
Ансамбльдер топқа бөлінбейді және ансамбль құрамының саны 15 қатысушыдан аспауы шарт.
Мектептен байқауға әр педагог 2 өнерпаз ғана қатыстыра алады.
Бағдарлама талаптары:
Аспаптық жанр:
Домбыра - Дәулеткерей Шығайұлының -1 күйі
Қалауы бойынша 1 күй
Қобыз - 1 халық әні
қалауы бойынша 1 шығарма
Қыл-қобыз - 1халық күй
1халық композиторларының күйі
Жетіген - 1 халық әні
қалауы бойынша 1 күй
Сазсырнай - 1 күй
қалауы бойынша 1 шығарма
Дәстүрлі ән сыныбы - 1 халық композиторларының әні
1ән қалауы бойынша
Ансамбльдер - Байқауда ұжымның өнер көрсету бағдарламасына әртүрлі сипаттағы екі шығарма , олардың бірі - Қазақстан композиторының шығармасы және 1күй.
Бағалау критерийлері:
-орындаушылық шеберлік, әртістілігі;
-шығарманы жеткізе білуі, жас ерекшелігіне сәйкестігі.
-сахна мәдениеті ( жүріс -тұрысы, концерттік киімі)
Марапаттау: Байқаудың қазылар алқасы мәдениет және өнер саласының мамандары, кәсіби педагог- орындаушылардан құралады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті, қайта қаралмайды және хаттамамен бекітіледі.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар Бас жүлде І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және барлық қатысушылар мадақтамамен марапатталады.
Ұйымдастыру жарнасы:
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 107-2630 қаулысына сәйкес байқаудың қатысу жарнасы:
Жеке орындаушылар - 5 000 теңге
Ансамбльдер ( құрамдағы әр қатысушы) - 1500 теңге
Құжаттар тапсыру:
- байқауға қатысу үшін 2024 жылдың желтоқсан айының 1 не дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мектеп электронды мекен-жайына келесі құжаттарды жіберу: 1-ші желтоқсаннан кейін келген өтінімдер қабылданбайды!
-Өтінім, жеке орындаушылардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-Төлемақы түбіртегі.
Төлем реквизиті:
Астана қаласы әкімдігінің «№1балалар музыка мектебі»МКҚК
ЖСН 990540001802
БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ056010111000005968
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Мекен-жайы: Желтоқсан көшесі, 36. Тел.:8(7172)31-43-86
Кбе 16
Эл.мекен жай: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.