2023 жылғы 16 қыркүйек пен 14 қазан аралығында елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана» күзгі экологиялық айлығы өткізіледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде «Дүниежүзілік тазалық күні «EU Beach Clean Up» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілуде. Қала тазалығына мектебіміздің ұстаздары да сенбілікке қатысып ат салысып, мектеп ауласын және маңайын тазартып үлес қосты.