«Шернияз» Наурыз мерекесі қарсаңындағы челлендж

    2026 жылдың 19 наурыз күні  Наурыз мерекесі қарсаңында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерекше мәдени шара өтті. Аталған іс-шара аясында 5000 домбырашы бір мезетте қазақтың дәстүрлі күй өнерін дәріптеп, «Шернияз» күйін орындады.

   Бұл ауқымды музыкалық шара ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру және домбыра өнерін кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды. Күй орындау барысында қатысушылардың жоғары деңгейдегі шеберлігі мен үйлесімділігі көрермендердің зор ықыласына бөленді.

     Іс-шараға мәдени орындарынан және әртүрлі білім беру мекемелерінен келген домбырашылар қатысты. Соның ішінде біздің мектептен 250 оқушы белсенді қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл – мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш әрі оқушылардың шығармашылық жетістіктерінің айқын көрінісі.

  Мұндай ауқымды мәдени бастамалар ұлттық өнеріміздің өркендеуіне, сондай-ақ жас таланттарды қолдауға зор үлес қосады. Барлық қатысқан оқушыларға мектебіміздің педагогтеріне қолдау көрсеткен ата-аналарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Өнеріміз өрлеп, өркендей берсін!

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 67 гостей и нет пользователей