«Ұстаздық ұлы жол» атты салтанатты қалалық іс-шара

2026 жылғы 5 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздық ұлы жол» атты салтанатты қалалық іс-шара өтті.

    Арамыздағы ардақты ұстаздар мен білім беру саласының ардагерлерін ұлықтауға арналған бұл ауқымды мерекеде мектебіміздің «Алау» хор ұжымы ерекше өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Өнер ұжымының жетекшісі — А. М. Имухамбетова.

      Дарынды оқушыларымыз бен тәжірибелі жетекшіміздің үйлесімді еңбегінің арқасында шырқалған әсем әндер мерекелік кештің сәнін кіргізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

     Білім мен өнерді қатар ұштастырып жүрген «Алау» хор ұжымына және олардың жетекшісі А. М. Имухамбетоваға алдағы уақытта да жаңа шығармашылық табыстар мен заңғар биіктерді бағындыруды тілейміз!

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 89 гостей и нет пользователей