«Folk show» концерті: Мектеп хор ұжымдары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабекпен бірге өнер көрсетті

      2026 жылғы 11 қазан күні «Қазақконцерт» залында «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің ұйымдастыруымен ауқымды «Folk show» концерті өтті.

    Аталған салтанатты кеште мектебіміздің шығармашылық ұжымдары — «Алау» хор ұжымы (жетекшісі: А. М.Имухамбетова, А.А.Казамбаев) мен «Күншуақ» кіші хор ұжымы (жетекшісі: А. Ж.Жапашева) өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

  Музыкалық кештің ерекше сәті — жас өнерпаздарымыздың Халық әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабекпен  бірге шырқаған «Ана жүрегі» әні болды. Мемлекеттік оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған бұл шығарма залдағы көрермендерге ерекше тебіреніс пен жоғары эстетикалық әсер сыйлады.

  Кәсіби музыканттармен және еліміздің белгілі өнер иесімен бір сахнада өнер көрсету мектеп оқушыларының орындаушылық шеберлігін шыңдап, олардың шығармашылық дамуына зор серпін берді.

   Мектеп ұжымы «Алау» және «Күншуақ» хор ұжымдарын, сондай-ақ олардың жетекшілері А.М.Имухамбетова, А.А.Казамбаев және  А. Ж.Жапашеваны  осынау абыройлы өнер көрсетулерімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа шығармашылық табыстар мен заңғар биіктерді бағындыруды тілейді.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 89 гостей и нет пользователей