Өрт қауіпсіздігі — баршаға ортақ талап!

     28 қазан күні  мектебімізде ұстаздар мен мектеп ұжымына арналған «Білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу»  тақырыбында маңызды лекция өтті. Шара барысында келесі негізгі мәселелер пысықталды:

  • Мектептегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері мен техникалық талаптары;
  • Өрт сөндіргіш құралдарын дұрыс пайдалану ережелері;
  • Алғашқы жалын белгілері байқалғанда оқушыларды қауіпсіз жерге жедел эвакуациялау алгоритмі;
  • Төтенше жағдай кезінде дүрбелеңге жол бермеу ережелері.

Балалардың қауіпсіздігі — біздің ең басты міндетіміз. Ұстаздардың бұл бағыттағы білімі мен жылдам әрекет ете алу дағдысы кез келген қауіптің алдын алуға көмектеседі. Лекцияны жүргізіп, пайдалы нұсқаулықтармен бөліскен   Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлері аға лейтенант Ринатов Абдильазиз Ринатовичке және лейтенант Әзімжан Әділ Азаматұлына алғыс білдіреміз! Жауапты: ТЖО - Ж.Ш. Оралбаева

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 57 гостей и нет пользователей