«Қобыз -рух» қылқобызшылар ансамблі

Қорқыттан бастау алған қобыз өнері бүгінде жалғасын үзбей N 1 БММ халық аспаптар бөлімінде балаларға үйретілуде. Осы мектепте 2014 жылы «Қобыз-рух» ансамблі құрылды жетекшісі Раушан Оразбаева мәдениет қайраткері, танымал күйші, қобызшы. Ансамбльдің құрамында алғаш рет қобызды ұстағаннан тәй-тәй басқандай 7,8 жастағы бүлдіршіндер және 12 жастағы ұл мен қыздар күй тартты. Ансамбльді құру мақсаты халыққа күй өнерін насихаттау болатын. Ансамбльдің репертуарында Қорқыт, Ыхлас, халық күйлері және т.б. композиторлардың күйлері бар.
Ансамбль 2014 ж. құрылғаннан кейін балалар азғантай уақытта қобызды меңгеріп Р. Оразбаеваның «Аққу» атты шығармашылық кешінде Қорқыттың сарындырын орындады. 2015 ж. Астана қаласындағы Республикалық ұлттық мұражайда «Қобыз сарыны» атты лекциялық концертте Қорқыт күйлерін т арихымен тындармандарға ұсынды. Жыл сайын мектептің есеп беру концертіне қатысып тұрады. Астана күніне арналған іс-шараларға сондай- ақ ЭКСПО - ға байланысты іс-шараға қатысты. 2018 ж. Раушанның «Аққулар сазы» атты күй кешінде Байжігіттің «Аққуын» орындап, тындармандардың көңілінен шықты.

 

 

МҚКК "№1 Балалар музыка мектебi" © 2018-2021

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1@list.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 46 гостей и нет пользователей